Абай атындағы Қарағанды кітапханасы балаларды мәнерлеп оқу байқауына қатысуға шақырады

Абай атындағы Қарағанды кітапханасы балаларды мәнерлеп оқу байқауына қатысуға шақырады

Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы журналист және ақын Жеңіс Қашқыновтың 80 жылдығына арналған облыстық мәнерлеп оқу байқауын өткізеді. 4 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың атынан қатысуға өтінімдер odb_abai@mail.ru электрондық пошта арқылы 4 мамырға дейін қабылданады.

Байқау үш жас топтары арасында қазақ тілінде өткізіледі. Қатысушылар ұйымдастырушылар ұсынған өлеңдерді оқуы керек:

– 4-7 жаста-автордың «Бір қуыршақ», «Әдет», «Санамақ», «Көмектесем мама» сияқты шығармаларын жатқа оқу керек;

- 8-11 жас – «Сұрақ», «Бұлақ», «Бақбақ», «Қарақұрт пен қой», «Ақтоғай» өлеңдерін оқуы керек;

- 12-15 жас – «Адасқан пингвин», «Әтеш пен Тауыс», «Тапқыр қоян» ертегілерін және «Ашылмаған сыр», «Батырдың анасы» атты екі поэмадан үзінділерді оқу.

Қазылар алқасы шығармаларды есте сақтау және мәнерлеп оқу қабілетін, сондай-ақ қатысушының көркемдік қабілеттерін бағалайды.

Мәнерлеп оқу байқауы 13 мамыр күні сағат 14:30-да Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 30 мекен-жайы бойынша Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында өтеді.

Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Конкурс туралы толық ақпаратты келесі телефондар арқылы білуге болады: (8-7212) 41-23-25, 41-23-26, 8-700-966-44-04.