Қарағандылық ауыр атлеттер Қазақстан бойынша екі рекорд орнатты

Қарағандылық ауыр атлеттер Қазақстан бойынша екі рекорд орнатты

Қарағандылық зілтеміршілер Артем Антропов пен Айша Омарова еліміздің бұрынғы рекордтарын жаңартты. Жақында Қызылорда қаласында өткен ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында спортшылар ерекше көзге түсті.

Республикалық біріншілікке Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстан 200-ден астам спортшы қатысты. Өнер көрсету қорытындысы бойынша Қарағанды өңірінің құрамасы жалпыкомандалық екінші орынға ие болды.

Қазақстанның жаңа рекордын ауыр атлетші Артем Антропов орнатты – серпи көтеруде 215 кг. Сондай-ақ, жұлқи көтеруде 100 кг еңсеріп, елдің ең жоғары жетістігін Айша Омарова орнатты.

Жеке біріншілікте жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанған спортшылар:

1-ші орын – Дарья Балабаюк, 2007 ж. т. (ОКМБЖСМ), 49 кг с/д, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағына ие болды және жасөспірімдер арасындағы Азия және әлем чемпионаттарына жолдама алды;

1-ші орын – Айша Омарова, 2001 ж. т. (ОКМБЖСМ), 76 кг с/д, Ислам және Азия ойындарына іріктеуден өтті;

1-ші орын – Кирилл Староверкин, 1997 ж. т. (ЖСШМ), 102 кг с/д, Ислам және Азия ойындарына іріктелді;

1-ші орын – Артем Антропов, 2000 ж. т. (ОКМБЖСМ), 109 кг с/д, Ислам және Азия ойындарына іріктеуден өтті;

2-ші орын – Любовь Ковальчук, 2001 ж. т. (ОКМБЖСМ), +81 кг с/д, Ислам және Азия ойындарына іріктелді;

2-ші орын – Никита Абдрахманов, 2006 ж. т. (ОКМБЖСМ), 102 кг с/д, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктелді.

Қарағандылық спортшылар чемпионаттағы барлық жеңістерін ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Николай Снегуровқа арнады. 26 сәуірде танымал Шахтинск тәлімгері 80 жасқа толды. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Сәрсенбай Жаппаров Николай Снегуровты мерейтойымен құттықтады.

Еңбек сіңірген тәлімгер ретінде 40 жыл бапкерлік қызмет атқарған. Кеңес спортының даңқты кезеңдері оның есімімен тығыз байланысты. 80-ші жылғы олимпиададан бір жыл бұрын КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері атанғаны үшін оған «Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді. Николай Снегуровтың арқасында Мәскеудегі XXII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған Виктор Мазиннің жұлдызы олимпиада алаңында жағылды. Дарынды оқушының олимпиадалық алтыны тәлімгерге «КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағын әкелді.

Николай Снегуров табысты спортшылардың бүкіл галактикасына үлкен серпін берді. Олардың ішінде Мұхамеджан Хакимов – КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, Иван Панаидов – КСРО чемпионы, Андрей Снегуров – 1989–1991 жылдардағы КСРО чемпионатының күміс жүлдегері.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша