Қарағанды облысында «Парыз-2022» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды облысында «Парыз-2022» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды облысының жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2022» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурс кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Аймақтық және республикалық кезеңдерге қатысу тегін. Оның қорытындысы жыл соңында шығарылады.

Конкурсқа төрт номинация бойынша өтінім беруге болады: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Сондай-ақ, «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы тағайындалды.

«Парыз-2022» байқауына қатысу ережелері мен тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет. Сондай-ақ барлық ақпаратты Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтынан мына сілтеме бойынша алуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-social/press/news/details/363037?lang=kk.