
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен бос уақыт және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы "Еркетай" балалар шығармашылығының фестивалін өткізуде. Қатысуға 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар шығармашылық ұжымдары мен орындаушылар шақырылады.

Облыстық байқау Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған.

Вокалдық ән айту (жеке орындау және вокалдық топтар) және хореография фестивалі 1 маусымда Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.
Өтінімдер 10 мамырға дейін мына мекен-жайда қабылданады: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 32. Анықтама телефоны: 42-50-95, е-mail: karonmc@mail.kz.