
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV кезеңінің қорытындысы шығарылды. Зияткерлік жарыстарға қатысқан 98 қарағандылықтардың 37-сі жүлдегер атанды. Олардың есебінде 9 алтын, 11 күміс және 17 қола медаль бар.

Қарағанды облысының Білім басқармасынан хабарлағандай, биылғы оқу жылында олимпиаданың бірінші (мектеп ішілік) кезеңіне 19 мыңнан астам аудандық және қалалық кезеңге 6 мыңнан астам оқушылар қатысты. Облыстық кезеңге 900 оқушы өтті, олардың 98-і республикалық кезеңде өз білімдерін көрсетті.

– Химия пәнінен олимпиада екі турдан тұрды – теориялық және тәжірибелік. Теория бойынша бізге 8 тапсырма берілді, оларды шешуге 5 сағат бөлінді. Тапсырмалардың өзі көлемді, сондықтан білімді ғана емес, оларды тез шеше білу де маңызды болды. Тәжірибелік турда тек екі тапсырма болды, оларды шешуге 5 сағат берілді. Олимпиада мен үшін өте қиын болды, өйткені шешім қабылдау кезінде мен тек тапсырмаларға ғана емес, сонымен бірге сабырлық ұстауым керек еді. Мен 8-ші сыныпта химияға қызығушылық таныта бастадым, бірақ олимпиадаға тыңғылықты 2020 жылдың көктемінде ғана дайындала бастадым. Химияны үйрену әдетке айналды, сондықтан мен онымен күн сайын дерлік айналысамын, – деді Олимпиада жүлдегері, № 1 БИЛ 11 сынып оқушысы Мадияр Қасымалы.
Осы лицейдің оқушылары 37 медальдың 12-сін жеңіп алды.
Олимпиадалық қозғалыс дарынды балаларды анықтау бағыттарының бірі болып табылады, деп атап өтті білім басқармасы.