AYALA қоры Теміртау медициналық орталығына әмбебап ӨЖЖ аппаратын сыйға тартты

AYALA қоры Теміртау медициналық орталығына әмбебап ӨЖЖ аппаратын сыйға тартты

Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығы Jenny MS Westfalia сарапшылар классындағы өкпені жасанды желдетудің жаңа аппаратымен толықты.  Медициналық ұйымға осындай сыйлықты AYALA қайырымдылық қоры жасады. Оны сатып алуға қаражатты қазақстандықтар "Өмір сыйлайық" жобасы бойынша жинаған болатын.

Құрылғы ересектерге де, балаларға да, соның ішінде салмағы 300 грамм болатын шала туылған нәрестелерге де заманауи вентилятор режимдерін қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл ӨЖЖ аппараты гибридті жетекте. Кіріктіріліп орнатылған турбинаның арқасында жабдық көмекші компрессорсыз жұмыс істей алады. Мамандардың айтуынша, форс-мажор жағдайында ол 12 сағат электр жарығынсыз әрекет етеді.

Германияда шығарылған жаңа жабдық пациенттің жай-күйін бақылауға және дефибрилляцияға арналған үш опциондық модульді қамтиды. Осының барлығы аппаратты қарқынды терапия/реанимация бөлімшелерінде де, апаттар медицинасында да, шұғыл көмек бөлімшелерінде де пайдалануға мүмкіндік береді.

Jenny ӨЖЖ аппараты тез және оңай пайдаланылады, нәрестелердің өмірін сақтап қалудағы тиімділігін көрсететіні және тыныс алудың ең күрделі дерттері бар науқастарға көмектесетіні сөзсіз.