ЭЦҚ-ны eGov.kz порталы арқылы қашықтан алу мобильді құрылғы камерасы арқылы қол жетімді

ЭЦҚ-ны eGov.kz порталы арқылы қашықтан алу  мобильді құрылғы камерасы арқылы қол жетімді

eGov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID бейне тексеру компьютерде камераны қоспай-ақ қол жетімді болды.

Digital ID бейне тексеру сервисі пайдаланушыларға, егер компьютерде камера болмаса немесе камера жұмыс істемесе, QR-кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндік береді. Аталмыш жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді.

Бұл қызметті пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR кодына бағыттап, бейне тексеруден өту керек. Сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.

Бейне нұсқаулығына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=J-5nzs50Bxk.

Айта кету керек, QR-код арқылы бейне тексеруді мобильді құрылғыда өткізу ұсынылады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ақпараты бойынша