Шығармашыл қарағандылықтарды Орталық саябақта өнер көрсетуге шақырады

Шығармашыл қарағандылықтарды Орталық саябақта өнер көрсетуге шақырады

Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябақтарының басшылығы талантты азаматтардың өнер көрсетуі үшін Орталық саябақтың алаңдарын беруге дайын.

Іс-шараларды өткізуге музыканттар, бишілер, суретшілер, спорт клубтары және басқа да шығармашылық ұжымдар шақырылады.

 «Біз ынтымақтастыққа дайынбыз және алаңдарды, электр қуатын және сіздің қойылымдарыңыз үшін басқа да қажеттіліктеріңізді тегін беруге дайынбыз. Қаламыздың шығармашылық қоғамдастығын бірге дамытайық», – делінген хабарламада.

Толық ақпарат мына телефон бойынша: +7-705-303-31-24.

@park.krg