Қарағандылық студенттер полицияның қоғамдық көмекшілері куәлігін алды

Қарағандылық студенттер полицияның қоғамдық көмекшілері куәлігін алды

Қарағанды қаласының полиция басқармасында Қазтұтынуодағы ҚарУ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету студенттік тобына полицияның қоғамдық көмекшілері куәліктері мен төсбелгілерін табыс етті.

Сондай-ақ, жастар құқық бұзушылықтың алдын алу және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы волонтерлік қызметтегі белсенділігі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша студенттік топ жұмыс істейді.

Топ жетекшісі Алексей Васильков олардың жұмысының нәтижесі жастар арасындағы патриотизмді, құқықтық сауаттылықты және халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенімін арттыру болатынына сенімді. Сондай-ақ жастар құқық қорғау органдарындағы жұмысқа дайындалады.

– Топтың негізгі міндеті – бірінші кезекте оқу орнының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Біздің қаламызда қоғамдық көмекшілер құқықтық тәртіпті қорғауға айтарлықтай үлес қосуда. Соңғы жылдары қалада полиция көмекшілерінің жеткілікті жұмыс тәжірибесі жинақталған, бұл азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтаудағы рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді, – деді Алексей Васильков.