Қарағандылықтарды ағаш отырғызу акциясына қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды ағаш отырғызу акциясына қатысуға шақырады

Мартбек Мамраев атындағы саябақта ("Восток-5" шағынауданы) 23 сәуір 09:30-да Жер күніне және халықаралық орман күніне арналған ағаш көшеттерін отырғызу акциясы өтеді. Барлық ниет білдірушілерді шараға қатысуға шақырады.

Акция дәстүрлі түрде 10 жылдан астам уақыт Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен өткізіліп келеді. Биыл Қарағанды, Теміртау және Балқашта 350 ағаш отырғызылады.

Шараға қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, жастар, оқушылар қатысады.

Анықтама телефоны: 8-775-989-45-43

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы