Қарағандыда Қазақстанның құрметті журналисі Валерий Петуховтың фотокөрмесі ашылады

Қарағандыда Қазақстанның құрметті журналисі Валерий Петуховтың фотокөрмесі ашылады

22 сәуір 16:00-де Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында Валерий Петуховтың «Сарыарқа халықтарының достығы мен бірлігі» атты жеке фотокөрмесі ашылады. Қарағандылықтарға объектив шеберінің 60-қа жуық жұмысы ұсынылады.

Экспозиция 3 маусымға дейін жалғасады. Кіру тегін.

Валерий Петухов Еділ жағасында Мари ауылында дүниеге келген. Қызылорда облыстық газетінде жұмыс істеді. 1976 жылы қабілетті жігітті ТАСС – ҚазТАГ фотохроникасының басшылары байқап, Қарағанды және Жезқазған облыстары бойынша фототілші лауазымын ұсынды. Ол дала өлкесінің өнеркәсіптік, мәдени және әлеуметтік өмірін плёнкаға түсірді. Фотожурналистердің бірі Қазақстанның Тұңғыш Президентін Германия, Франция, Үндістан және Пәкістанға сапарда ертіп жүрді.

Қазіргі уақытта Валерий Петухов Қарағандыдағы Ұлттық баспасөз клубын басқарады және туған Сарыарқасын суретке түсіруді жалғастыруда. Ол 30-дан астам кітап пен фотоальбомдардың авторы, көптеген кәсіби, соның ішінде халықаралық фотокөрмелердің қатысушысы.

Көп жылғы журналистік еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, «Юрий Гагарин», «Байқоңыр ғарыш айлағы», «Авиациялық-ғарыштық іздестіру және құтқару» ресейлік мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалімен және «Құрметті журналист» белгісімен марапатталған.