
Қарағанды облысында 360 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға "Рамазан қоржыны" табысталды. Акция "Зекет және қайырымдылық" қорымен ұйымдастырылды.

– Қасиетті айдың бірінші күнінен бастап біздің қор түрлі қайырымдылық акцияларын өткізеді. Азық-түлік әлеуметтік көмекке мұқтаж 360 отбасына таратылды. Бүгінгі таңда 600 адамға ауызашар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, көру қабілеті нашар 150 адам ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 5000 студентке ыстық тамақ жеткізілді. Сонымен қатар, 17 адам материалдық көмек алды, – деді "Зекет және қайырымдылық" қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Мұхит Жарымбетов.

Оның айтуынша, қайырымдылық шаралары қасиетті айдың соңына дейін жалғасады.