
Қарағандылық оқушыларға болашақ мамандықты саналы таңдау жасауға көмектеседі. Кәсіби бағдар берудің үздік бағдарламалары "Болашаққа билет" облыстық форумында ұсынылды.

Қарағандының Оқушылар сарайында ұйымдастырылған кездесуге педагогтар, мектеп оқушылары, колледж студенттері жиналды. Бір ай бойы қалалар мен аудандарда "Үздік авторлық бағдарлама", "Үздік кәсіби бағдар беруші", "Жаңа кәсіптер атласы" бағыттары бойынша конкурстар өткізілді. Оқушылар өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін көрсете отырып, стартаптар, бизнес-жобалар әзірледі.

Сонымен қатар, мамандықтар жәрмеңкесінде Қарағанды жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқытылатын мамандықтар туралы білуге болады.

Облыстық форумда конкурс қорытындысы шығарылды. Көрмеде үздік стартаптар мен бизнес-идеялар таныстырылды. Педагогтер кәсіби бағдар беру жұмысының озық тәжірибелерімен бөлісті.

– Бүгін оқушыларға мамандық таңдауда көмектесу маңызды, сондықтан мұндай форум өзекті. Мысалы, "Жаңа кәсіптер атласы" бағыты аясында жоғары сынып оқушылары мұғалімдердің қолдауымен қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие болашақ мамандықтар туралы бейнероликтер дайындады. Стартаптар байқауы кәсіпкерлік қабілеті бар оқушыларды анықтауға мүмкіндік берді, – деп атап өтті Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Бақытқұл Әбдікерова.

"Болашаққа билет" форумын облыста жыл сайын өткізу жоспарлануда.

Фото umckrg.gov.kz сайтынан алынды