
Әр дүйсенбі және бейсенбі күндері Қарағанды автовокзалынан Қарағанды – Междуреченск бағыты бойынша автобустар жүре бастады. Рейс Новосибирск, Ленинск-Кузнецк және Новокузнецк арқылы ауысып отырусыз өтеді.
Қарағанды автовокзалынан шығу уақыты – 11:00, Теміртау автовокзалынан – 12:00.
Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларында, сондай-ақ автовокзалдар терминалдарында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады.
Билеттерді онлайн брондау және сатып алу автобус жөнелтілгенге дейін 30 күн бұрын қол жетімді. Төлем интернет, интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және "Касса-24" арқылы банктік картамен жүргізіледі.