Кітап кеші және кітап түні: жас қарағандылықтар мен теміртаулықтарды қызықты кітап әлеміне шақырады

Кітап кеші және кітап түні: жас қарағандылықтар мен теміртаулықтарды қызықты кітап әлеміне шақырады

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы мен Теміртау орталық кітапханасы жас оқырмандарды "Уақытқа саяхат" және "Кітап сиқыры" акцияларына шақырады. Библиокеш 22 сәуірде сағат 18:30-да Бұқар жырау даңғылы, 30 (Қарағанды), ал библиотүн – сол күні сағат 18:00, Победа көшесі, 12 (Теміртау) мекен-жайы бойынша өтеді.

"Уақытқа саяхат" ашылуында қарағандылық оқырмандарды шағын қойылым күтіп тұр, шара барысында кітапхана қызметкерлері сағат тілін кейінге шегереді, бұл өткенге қайта оралуды білдіреді. Кітапханада қатысушылар саяхаттайтын "Ымырт аймақтар" жабдықталған. Қонақтар кітапханалық ақша тауып, оларды кітапхана асханасында жұмсай алады. Қатысушыларды сондай-ақ мерекелік лотерея күтеді.

Сонымен қатар, қонақтар "Мен кітап құрдасымын" кітап топтамасының фотофлешмобына, "Кітапхана Банкі" викторинасына қатысады. Сондай-ақ, келушілер үшін Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайы мен Қарағанды индустриалды-техникалық колледжінің мұражай экспонаттарының көрмелері дайындалды. "Синематограф шақырады" диафильмдер көрсетілімі, "Тоқта, сәт!", "Сиқырлы жол", "Аспаздық ретро" шеберлік сабақтары және "Чемоданнан шыққан ғажайыптар" театр шеберханасы ұйымдастырылады.

"Сондай-ақ, біз библиокараоке өткіземіз "Бізбен бірге оқып, ән айт!", музыкалық алаң және Жұлдыздар бойынша ымырт экскурсия ұйымдастырамыз", – деді Абай атындағы балалар кітапханасында.

"Кітап сиқыры" акциясы аясында Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі өзінің жас оқырмандары үшін тосын сыйлар дайындады. Бағдарламада қолөнер бойынша "Сиқырлы шеберхана" шеберлік сабақтары, шығармашыл адамдармен кездесулер, поэтикалық перформанс, "Ерекше болуға ұмтыл!", қорқынышты бөлмеге саяхат, SALEM сиқырлы заттарымен, "Лукоморье" сиқырлы елімен танысу, "Әуенді тап", "Ғажайып алаң", "Библиомаркет", "Библиобуфет" ойындары және тағы басқалар болады.

Толық ақпарат алу үшін келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: (8-7212) 41-23-25 (Абай атындағы балалар кітапханасы) және (8-7213) 98-01-32, 8-778-460-08-88 (Теміртау қаласының орталық кітапханасы).