
Saryarqa Аqparat медиа холдингі «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» акциясын қайта бастайды. Ол онлайн форматта өтеді.
Іс-шараға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Ол үшін екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарыңыздың жеке деректерін көрсете отырып, олардың фотосуреттерін жіберу керек. Қысқаша өмірбаяны болғаны абзал. Алынған материалдардан бейнеролик дайындалады.
Фотоға қойылатын талаптар:
- портрет;
- формат – jpg, png;
- өлшемі – кемінде 15x10.
Кейіпкерлердің деректері көрсетілген суреттерді WhatsApp нөміріне 8-701-427-75-20 нөмірі бойынша немесе @life09kaz, @life09rus аккаунттарына жіберуге болады. Материалдар 20–30 сәуір аралығында (20:00 дейін) қабылданады.
9 мамыр қарсаңында қаланың барлық интернет-алаңдары мен LED-экрандарында ролик көрсетіледі.