
Қарағанды облысының Осакаровка кентінде мердігер ұйым Ақбастау өзенінің арнасын санациялауға кіріседі. Жұмыстарды осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда.

Осакаров ауданының әкімі Нүркен Қобжанов "Tolagai-2050" ЖШС мердігерлік ұйымы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, авторлық және техникалық қадағалау өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кездесуде алдағы жұмыстардың барысы талқыланды.

– Ақбастау өзені Осакаровка кенті арқылы өтеді. Арна қатты бітелген. 2020 жылы аудан әкімдігі тазарту жобасын әзірледі. Биыл басқарма 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында қаражат бөлді, – деді облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімінің басшысы Дархан Асқаров. – Учаскенің ұзындығы 3,5 км құрайды, жағалауды бекіту, үш жаяу жүргіншілер көпірін қалпына келтіру, балшықтан, қоқыстан, түптік шөгінділерден тазарту жүргізіледі.

Жобаның мақсаты – өзен арнасын қамыстан, бұталардан, ағаштардан тазарту және кедергісіз өту қабілетін қамтамасыз ету.

Дархан Асқаров өзендерді санациялау бойынша басқа да жобалар туралы хабарлады. Биыл облыс бойынша сегіз учаске жоспарланған. Ақбастаудан басқа, Қарағандыдағы Солонка өзені, Нұра, Бұқар Жырау аудандарындағы және Теміртау маңындағы Нұра өзенінің учаскелері тазартылады.

– Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша су тасқыны кезінде елді мекендер мен жолдарды қауіпсіздендіру үшін бірқатар жобалар әзірленді. Атап айтқанда, бұл Нұра өзенінің учаскелеріне қатысты: Шахтерское және Байтуған ауылдары арасында, Нұра ауданында Тассуат және Майоровка ауылдары ауданында; Ғ. Мұстафин кентінің жанында, Бұқар Жырау ауданындағы Садовое және Чкалово ауылдары жанында, сондай-ақ Теміртау қаласының маңында. Байқаулар өтті, жұмыстар мамыр айында басталады, – деп түсіндірді Дархан Асқаров.