Қарағанды автовокзалы Омбыға автобус рейстерін қайта іске қосады

Қарағанды автовокзалы Омбыға автобус рейстерін қайта іске қосады

Қарағанды автовокзалының хабарлауынша, Омбыға халықаралық рейстік автобустың қозғалысы қайта жанданады.

Қарағандыдан автобус әр сәрсенбі және сенбі күндері жүретін болады. Жолға шығу уақыты - 19:00. Теміртаудан автобус 19:50-де аттанады.

Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларында, сондай-ақ автовокзалдар терминалдарында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады.

Билеттерді интернет, интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және "Касса-24" арқылы банктік картаның көмегімен жөнелтуге дейін 30 күн бұрын тәулік бойы онлайн брондауға және сатып алуға болады.

instagram.com