Теміртаулық спортшылар карате-шинкиокушинкай бойынша мектеп оқушылары гимназиясының жүлдегерлері атанды

Теміртаулық спортшылар карате-шинкиокушинкай бойынша мектеп оқушылары гимназиясының жүлдегерлері атанды

Теміртаулық спортшылар каратэ-шинкиокушинкайдан XI жазғы қазақстандық оқушылар гимназиадасында ерекше көзге түсті. Олар қоржынына екі алтын, күміс және екі қола жүлде жинады.

Таразда өткен республикалық жарыстарға еліміздің ең мықты командалары жиналды. Тартысты күрес барысында Қарағанды облысының құрамасы жалпыкомандалық бесінші орынды иеленді.

Теміртаулықтар үйлеріне бес медаль алып келді. Бірінші орынды № 10 ЖББМ оқушысы Виктор Гражданов пен № 1 гимназияның оқушысы Федор Дунин жеңіп алды. Теміртау жоғары медициналық колледжінің студенті Айдана Өмірзақова күміс жүлдегер атанды. Үшінші орынды №14 мектеп-лицейінің оқушысы Злата Вершинина және № 23 мектеп-лицейінің оқушысы Аружан Ермұханбет иеленді.

– Жарысқа тоғыз спортшы шықты, олардың бесеуі жүлдегер атанды, – дейді Қарағанды облысының каратэ-шинкиокушинкай бойынша жаттықтырушы-нұсқаушы Мейрам Козов. – Дайындық жыл бойы жүріп жатыр, өйткені жарыстардың кестесі өте тығыз. Жезқазғанда ашық турнир өткізу жоспарда бар. Мамыр айында Нұр-Сұлтанда өтетін халықаралық турнир мен Азия чемпионатына қатысамыз.