
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртау қаласы және Ақтау кентінің тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2022 жылғы 22 сәуір 11:00-де Теміртау мәдениет сарайында Республика даңғылы, 38 мекенжайы бойынша өтеді. Жеке қабылдау – 13:00.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді (8-7213) 92-32-57 телефоны бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін) қалдыра аласыз немесе электрондық поштаға жібере аласыз: akimat.temirtau@krg.gov.kz.