Аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 қарағандылық оқушы оқу орталығында ҰБТ-ға тегін дайындалады

Аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 қарағандылық оқушы оқу орталығында ҰБТ-ға тегін дайындалады

Qaiyrymdy ūrpaq акциясының арқасында Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан 11-сыныптың 50 оқушысы ҰБТ-ға тек негізгі пәндер бойынша ғана емес, таңдау бойынша да тегін дайындалады.  Оқу мүмкіндігін жалпы сомасы 2 миллион теңгеге жуық қаражатқа "Самғау" академиясы беріп отыр.

– Біздің "Самғау" жобамыз негізінен ауылдық жерлерден және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға бағытталған. Біз олармен жұмыс істейміз. Біріншіден, бұл жоғары оқу орындарына түсуді армандаған, бірақ мүмкіндік жоқ балалар. Екіншіден, ауыл балалары үшін ұсынылатын бастапқы алаңды қалалық оқушыларға берілген мүмкендікпен салыстыруға келмейді. Олардың, әдетте, мектептен басқа ҰБТ-ға дайындалуға болатын  баламасы жоқ. Біз екінші жыл қатарынан балаларды ағын (тікелей эфир) форматында оқытып келеміз. Бізде студия бар. Сондай-ақ, тренингтер өткізу үшін алаң бар, онда балалар оқытудан өте алады. Биылғы жылы біз облыс бойынша 50 баланы жинадық. Өткен жылы да 50 оқушы болды, олардың 21-і грантқа түсті. Бұл әзірге пилоттық жоба, бірақ бізге мемлекет қолдау көрсеткенін қалаймыз, – деді "Самғау" академиясының негізін қалаушы Ардақ Жакин.

Еске сала кетейік, 1 наурыздан бастап Қарағанды облысында Qaiyrymdy ūrpaq жастар қайырымдылық акциясы іске қосылды. Оның мақсатты аудиториясы аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар болып табылады.

"1 наурыз бен 19 сәуір аралығында Qaiyrymdy ūrpaq акциясына облыстың жеті өңірі, жас кәсіпкерлер мен аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттарынан 17 демеуші және көп балалы, аз қамтылған отбасылардан және мүгедек балалардан құралған 77 көмек алушы қатысты. Балаларға тегін білім беру курстарында, шығармашылық және спорттық даму орталықтарында оқу мүмкіндігі беріледі, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларға спорт формасы мен мүкәммал сатып алынады. Бүгінгі күні акция аясында жалпы сомасы 3 328 700 теңгеге көмек көрсетілді", – деп хабарлады жастар саясаты мәселелері басқармасынан.

Егер сіз науқанға қатысушы болғыңыз келсе, 8-778-673-35-35 (Мәдина Тұрсынбекова) нөмірі бойынша хабарласа аласыз.