
Қарағанды автовокзалы 26 сәуірден бастап Қарағанды – Петропавл және Қарағанды – Көкшетау рейстері қайта басталатынын хабарлайды.
Әр сейсенбі сайын Қарағанды – Петропавл (Щучинск және Көкшетау арқылы) және Қарағанды – Көкшетау (Нұр-Сұлтан арқылы) автобустары маршрутқа шығады. Шығу уақыты – 07:10.
Билеттерді онлайн брондау және сатып алу 30 күнде қол жетімді. Төлем интернет, интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және "Касса-24" арқылы банктік картамен жүргізіледі.
Сондай-ақ билеттерді үзіліссіз және демалыссыз Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автовокзалдары мен автостанцияларының кассалары мен терминалдарынан 06:00-ден 23:00-ге дейін сатып алуға болады.