Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарының назарына!

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртау қаласы және Ақтау кентінің тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2022 жылғы 22 сәуірде (уақыты қосымша хабарланатын болады) Теміртау мәдениет сарайында Республика даңғылы, 38 мекенжайы бойынша өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді (8-7213) 92-32-57 телефоны бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін) қалдыра аласыз немесе электрондық поштаға жібере аласыз: akimat.temirtau@krg.gov.kz.