Қарағандылық оқушылар Қазақстанның тұңғыш ұшқыш-ғарышкері Тоқтар Әубәкіровпен кездесті

Қарағандылық оқушылар Қазақстанның тұңғыш ұшқыш-ғарышкері Тоқтар Әубәкіровпен кездесті

Қарағанды оқушылары №6 ЖББМ базасында авиация және космонавтика мұражайында Ұлттық батыр Тоқтар Әубәкіровпен кездесті. Оқушылар қонаққа ерекше сұрақтар қойып, онымен суретке түсті.

"Өнегелі өмір" жобасы бойынша ғарышкермен кездесуді мұражай төрайымы, білім беру жүйесінің құрметті қызметкері Мағрифа Кәрібекова ұйымдастырды. Балалардың сұрақтарына жауап бере отырып, Тоқтар Әубәкіров оларды жақсы оқып, армандауға шақырды. Ол бала кезінен ұшқыш болғысы келетінін айтты.

– Іс-шара Ғарыш күніне, Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған, өйткені карантинге байланысты біз оны толық көлемде атап өте алмадық. Кездесу өте қызықты өтті, балалар қонақпен ашық әңгімелесті, оған өз сұрақтарын қойды. Біз оған концерттік бағдарлама дайындадық, би ансамблі өнер көрсетті. Оған өлең арнаған ақын шақырылды, – деді Мағрифа Кәрібекова.

Кездесу барысында жазушылар мен танымал адамдардың Тоқтар Әубәкіров туралы сөздері жазылған деректі ролик көрсетілді. 

Қонақ мұражайға өзінің алғашқы ұшуын бейнелеген қызылордалық шебердің суретін сыйға тартты.

Мағрифа Кәрібекова жасаған мұражай қорында 300 мыңға жуық экспонаттар мен құжаттар, ұшқыштар мен ғарышкерлердің жеке заттары бар. Негізгі бөлімде Ғарыш ғылымына үлкен үлес қосқан ғалымдар – Константин Циолковский мен Сергей Королев туралы ақпарат бар. Сондай-ақ мұражайда Байқоңыр ардагерлерінің және басқа да танымал адамдардың өмірбаяндары сақталған.