
"Елге көмек" қайырымдылық қоры Тұяқовтар отбасына үш бөлмелі үй сыйлады, бұл шаңырақта әкесі мен баласы мүгедек.

Жақында олар бақытсыздыққа ұшыраған болатын. Үлкен ұлы апатқа ұшырап, екі табанының жартысын кесуге тура келген. Айта кету керек, үйдің отағасы да көп жылдан бері мүгедектер арбасына таңылған. Оның аяқтары жоқ. Отбасы өмір бойы жалдамалы пәтерлерде тұрып, көшіп-қонуға мәжбүр болған. Мүгедектік бойынша жәрдемақының барлығы дерлік жалға жұмсалып отырды.

Тұяқовтардың қиын тағдыры еріктілерді бей-жай қалдырмады. Санаулы күндер ішінде "Елге көмек" қайырымдылық қоры отбасы үшін қаражат жинап, Сұрыптаудан үш бөлмелі үй сатып алды.

– Біз өте қуаныштымыз, мұндай сыйлықты күткен жоқпыз. Мен күйеуімді күтетіндіктен жұмыс істемеймін. Енді ұлыма да көмек керек. Жәрдемақының арқасында өмір сүріп келдік, бар ақшамыз жалға, коммуналдық төлемге жұмсалып отырды. Енді өз үйімізге көшеміз. Бірақ онда есіктерді кеңейтіп, табалдырықтарды алып тастау керек. Мамыр айының соңында көшуді жоспарлап отырмыз, – деді Зурила Сапарова.

"Елге көмек" қайырымдылық қоры бүгінде қазақстандықтардың 28 отбасына баспана сыйлады.