
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлем алушылардың саны 36,2 мың адамды құрады, бұл ретте 26,4 мың төлем осы жылы алғаш рет тағайындалды.
Жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:
- eGov.kz порталында тіркелу қажет;
- "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
- барлық жолдарды толтырып, қызметке онлайн тапсырыс беру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу;
- бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).
Бұл қызметті онлайн-режимде электрондық еңбек биржасы арқылы да алуға болады (enbek.kz).
Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы ақпарат болған жағдайда, МӘСҚ ақпараттық жүйесі проактивті форматта Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдерді тағайындау қызметін көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS хабарлама жібереді. Келіссеңіз, SMS хабарламаға жауап беруіңіз керек. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша