Қарағандыда жастар кітабы марафоны өтеді

Қарағандыда жастар кітабы марафоны өтеді

«Кітап. Оқу. Шығармашылық» – Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы жастар кітабы марафонын жариялады. Іс-шара Дүниежүзілік кітаптар мен авторлық құқық күніне орайластырылып, 21–28 сәуір аралығында өтеді.

Кітапхана қызметкерлері көрмелер, қызықты адамдармен кездесулер, театрландырылған жобалар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізді.

Марафонды «Әлем не оқиды» кітап жәрмеңкесі ашады. Мұнда танымал жаңа кітаптар ұсынылады. Қызмет көрсету бөлімдерінде тақырыптық презентациялар өтеді, ал кітапхана дәлізіндегі кітап үйіндісінде жас оқырмандар кез-келген талғамға сай әдеби шығармаларды таба алады.

«Бектұров кітапханасы достарын шақырады» атты қаланың шығармашыл жастарымен кездесу өтеді. Оқырмандармен музыканттар, ақындар, жазушылар, еріктілер және Қарағандының басқа да белсенді жастары әңгімелеседі.

«Өнердегі өмір» жобасы аясында қарағандылықтарды Кеңес, қазақ опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кешке шақырады.

Отан қорғаушылар күні мен ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай «Армия – елдің сенімді тірегі және мақтанышы» атты іс-шара дайындалды.

Онлайн-форматтағы дөңгелек үстелде кітапхана қызметкерлері «Біздің жастар қандай тілде сөйлейді?» деген өзекті мәселені көтереді.

Марафон барысында «Әдебиеттегі дара тұлғалар» облыстық өлкетану конкурсының қорытындысы шығарылады.

Марафонның іс-шаралары туралы толық ақпаратты мына телефондар арқылы ала аласыздар: (8-7212) 43-07-04, 43-06-49.