
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия Кубогында Сәтбаев қаласы спорт мектебінің тәрбиеленушісі Нұрайлым Сәрсенбек ерекше көзге түсті. Ол 48 кг салмақ дәрежесінде алтын жеңіп алды.

Ташкентте жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы өтті. Жарысқа Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Грузия, Тәжікстан және Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысты.

Сонымен қатар екі қарағандылық жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол дзюдо, самбо, қазақ күресінен «Жас сұңқар» облыстық спорт мектебінің өкілдері Егор Раков пен Асқар Біржанов. Спортшылардың жетекшісі – Михаил Раков.

Осы уақытта Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталиядағы Grand Slam жарыстарынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақстандық дзюдошылар арасында жерлесіміз Жансай Смағұлов үздік көрсеткішке қол жеткізді. Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол оныншы орыннан жетінші орынға көтерілді. Қазіргі уақытта Смағұловтың ұпайы 2698. Айта кетейік, Анталияда ол турнирді бесінші орында аяқтады, ал бұған дейін Тель-Авивтегі Grand Slam қола жүлдегері атанды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша