
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Қарағанды жоғары оқу орындарының IT-мамандықтарының студенттері мен магистранттары арасында «Инсайт-2022» хакатоны өтті. Жарыстың жеңімпаздары турнир қожайындары – ESEBA командасы болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарламашылар марафоны студенттер мен магистранттар арасында бағдарламалаудың перспективалы бағыттарын танымал етуге, олардың инновациялық және сыни ойлауын дамытуға және оқуда да, одан әрі кәсіби қызметінде де көмектесетін практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Хакатонға облыстың бес жоғары оқу орнынан 16 команда қатысты: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды медициналық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, академик Е. Ә. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және Қарағанды индустриалды университеті.

Тәлімгерлер мен қазылар алқасының мүшелері «АрселорМиттал Теміртау», Epam Kazakhstan, WOOPPAY, X NET, Kazpromavtomatika және Qazdevelop демеуші-кәсіпорын өкілдері болды.

Топ мүшелеріне тапсырмалар дайынғандар да солар.

Финалға 12 команда шықты. Нәтижесінде ҚарТУ-нің ESEBA IT-мамандар тобы үздік деп танылды.

Жеңімпаздар «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының сыйлықтарына ие болды.

– Көптеген қызықты жобалар болды, алты команда жасыл экономика тапсырмаларын таңдады. Бірақ мен ESEBА және Аlğarytm командаларының жобаларын атап өткім келеді, олар қала картасында қалдықтарды өңдеу орталықтары туралы ақпарат беретін және экономикалық әрі экологиялық тиімділікті арттыру мен қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайту арқылы «қос жеңіс» әсерін қамтамасыз ететін мобильді қосымшаларды әзірлеген, – деп бөлісті инновациялық технологиялар факультетінің деканы Гүлфарида Самашова.

Командалар арнайы жабдықталған мәжіліс залдарында, Іскерлік дағдылар паркінің конференц-залында және Business Skills Park екі дәріс залында орындаған міндеттерді шешумен қатар, бизнес өкілдері өз кәсіпорындарының презентацияларын ұсынып, университет студенттерімен тәжірибеден өту, дипломдық жұмыстарды жазу және компанияларға жұмысқа орналасу жөнінде сұрақ-жауап сессиясын өткізді.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша