Қарағандыда саяжайларға автобустар жүре бастайды

Қарағандыда саяжайларға автобустар жүре бастайды

15 сәуірден бастап Қарағандыда «Экспресс» ЖШС қызмет көрсететін саяжай автобустары жүре бастайды. Бұл туралы ақпарат қалалық әкімдіктің Instagram желісінде пайда болды.

«Қалада саяжай маусымында әр бағытқа бір қозғалыс кестесі бойынша алты саяжай маршруты жұмыс істейді. № 3 автопарк қызмет көрсететін саяжай маршруттары 16 сәуірден бастап тек демалыс күндері жұмыс істей бастайды. 1 мамырдан бастап автобустар күн сайын қатынайды. "Экспресс" ЖШС қызмет көрсететін маршруттар 15 сәуірден бастап күн сайын іске қосылады», – делінген хабарламада.

Автобус бағыттары:

- 11Д: «Асхана – «Пищевик» саяжайлары (Оңтүстік-Шығыс – Федоровка), сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін, аралығы – 1 сағат 10 минут («Экспресс» ЖШС);

- 21д: «28-ші ш/а – Батыс өндірістік аймақ» (Оңтүстік-Шығыс – Михайловка), екі рейс (сейсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі.) 08:00-ден бастап қаладан және 18:00-ге дейін кері («Экспресс» ЖШС);

- 10д: «Асхана – «Натуралист» саяжайлары (Оңтүстік-Шығыс – Федоровка), сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін, аралық – 1 сағат 10 минут (№3 автопарк);

- 60д: «Гүлдер-2 – «Горняк» саяжайлары (Оңтүстік-Шығыс – әуежай), сағат 07:30-дан 21:10-ға дейін, аралық – 1 сағат 40 минут (№ 3 автопарк);

- 75д: «Оптимист» 14-ші шағын ауданы, Е секторы» (Майқұдық, Павлодар трассасы), сағат 08:05-тен 20:05-ке дейін, аралық – 1 сағат (№3 автопарк);

- 76д: «14-ші шағын аудан – «Жемчужина» саяжайлары (Майқұдық, Павлодар трассасы), сағат 07:35-тен 20:15-ке дейін, аралық – 1 сағат 20 минут (№ 3 автопарк).

instagram.com