Саран қаласы тұрғындарының назарына!

Саран қаласы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Саран қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2022 жылғы 15 сәуір 15:00-де Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 69/1 мекенжайындағы мәдениет үйінде өтеді. Жеке қабылдау – 17:00.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді (8-72137) 7-40-16 телефоны бойынша жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе Саран қаласының әкімдігінде, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67 мекенжайы бойынша қалдыруға болады.