
Облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақтануда. 1–10 сәуір аралығында ТЖД жедел штабына аула аумақтарын су басу қаупі туралы 286 хабарлама келіп түсті. Барлық жағдайларға қатысты суды бұру бойынша алдын алу шаралары қабылданды.
Барлығы 183 430 текше метр еріген су сорылды, сондай-ақ ұзындығы 3680 метр арықтарды тазарту жүргізілді, 26 979 дана қаптар төселді, ұзындығы 1300 метр уақытша біліктерді төгу жүргізілді.

1–10 сәуір аралығында жол төсемдері арқылы барлығы 44 су тасқыны тіркелді (республикалық – 18, облыстық – 10, жергілікті – 16).
Самарқанд су қоймасынан ағызу 400 текше метрге дейін, ал Ынтымақ су қоймасынан 250 текше метрге дейін ұлғайтылды.
Облыс өзендері деңгейінің төмендеуі байқалады.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1 сәуірден бастап ТЖД бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жол қызметтерінің, полицияның және коммуналдық қызметтердің мыңан астам адамы мен 266 техникасы жұмылдырылды.
Жалпы облыс аудандарында су деңгейінің төмендеуі байқалады. Қар жамылғысы толықтай дерлік жоғалып кетті. Осыған қарамастан, барлық арнайы қызметтер дайын және жағдайды бақылауды жалғастыруда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша