Қарағандылықтарды хайуанаттар бағында құстар күні мерекесіне шақырады

Қарағандылықтарды хайуанаттар бағында құстар күні мерекесіне шақырады

Қарағанды хайуанаттар бағы 17 сәуір 13:00-де Халықаралық құстар күнін мерекелеуге шақырады.

"Бұл күні сіздерді аниматорлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама, конкурстар мен викториналар күтіп тұр. Сондай-ақ, 18 наурыз бен 15 сәуір аралығында 1-ші және 9-шы сынып оқушылары арасында өтетін құстар үйі байқауының жеңімпаздарын жариялаймыз", – деп хабарлады хайуанаттар бағында.