
Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен "Жеңіс каһармандары" халықаралық бейнероликтер интернет-бауқауын өткізеді. Ол бірден үш қазақстандықтың – Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың, "Халық Қаһарманы" атағының иегері Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған.
Байқау екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Жасы 15-тен 24 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Байқауға қатысушыларға қазақстандық батырлардың тағдыры және олардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы бейнеролик түсіру ұсынылады.
Роликтің ұзақтығы – 5 минуттан аспауы тиіс.
Жұмыстар конкурстық өтініммен бірге 2022 жылғы 1 қарашаға дейін келесі электрондық поштаға қабылданады: karaganda_oub@mail.ru.
Конкурсқа қатысушылар жасаған бейнероликті арнайы комиссия бағалайды. Дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болған төрт жеңімпаз анықталады. Қалғандарына алғыс хаттар беріледі.
Байқау нәтижелері әлеуметтік желілерде және Ж. Бектұров атындағы кітапхананың ресми сайтында жарияланады.
Ережемен uniorlib.kz платформасында танысуға болады.
Қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады: (8-7212) 43-06-48, 43-07-04, +7-705-138-25-97.