Ұлытау ауданының оқушыларына атқа міну мәдениетін үйретеді

Ұлытау ауданының оқушыларына атқа міну мәдениетін үйретеді

Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентінің тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайының қызметкерлері жергілікті мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушыларға атқа міну мәдениеті бойынша тәжірибелік сабақтар өткізуде. Осындай сабақтардың бірінде № 6 тірек мектебінің тоғыз және оныншы сынып оқушыларына жылқыны қалай дұрыс ерттеу керектігін үйретті.

Балаларға жылқылардың түрлері туралы айтылып, ат ерттеуге арналған жабдықтармен таныстырылды.

– Біздің мұражайда «Мұрагер» жас тарихшылар клубы жұмыс істейді, онда белсенді оқушылар айналысады. Олар жобалық қызметке қатысады. Осы балалармен және екі жергілікті мектептің басқа да оқушыларымен біз түрлі іс-шаралар өткіземіз, – дейді ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ету, экскурсиялық-бұқаралық және экспозициялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Үрзия Қапарова. – «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында №6 тірек мектебінің оқушыларына «Атқа міну мәдениеті» тақырыбында сабақтар өткізілді. Алған теориялық білімдерін бекіту үшін мектеп педагогы Гүлжанат Аблаева және мұражай қызметкері Абзал Қапаровпен бірлесіп тәжірибелік сабақ ұйымдастырдық. Бұл жұмыс бізде 2019 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Жезді кентінде әр отбасы мал, соның ішінде жылқы өсіреді. Сондықтан мектеп оқушылары ерте жастан атқа міну тәжірибесіне ие. Бірақ бәрі бірдей жылқыны дұрыс ерттей алмайды.

– Біз оларға мұражайда бар экспонаттарды, ер-тоқымдарды, әбзелдерді көрсеттік. Олар жылқыны ерттеп, серуендеуге дайындауға көмектесті. Балаларға өте қызықты болды. Біз бұл тәжірибені жалғастыруға ниеттіміз, – деп қосты Үрзия Қапарова.