8 сәуір: Қарағанды облысында су тасқыны кезеңінің өту барысы

8 сәуір: Қарағанды облысында су тасқыны кезеңінің өту барысы

Облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақтануда, Нұра және Осакаров аудандарының аумақтары бақылауда. Тұрғын үйлерді, объектілерді, автомобиль және темір жол учаскелерін су басу фактілері тіркелген жоқ.

Бір тәулік ішінде ТЖД жедел штабына аула аумақтарын су басу қаупі туралы 11 хабарлама келіп түсті.

Барлық жағдайларға қатысты суды бұру бойынша алдын алу шаралары қабылданды.

Барлығы 183 330 м куб. еріген қар суы сорылды, сондай-ақ ұзындығы 3680 метр арықтарды тазарту жүргізілді, 26 979 дана қаптар төселді, ұзындығы 1300 метр уақытша үйінділер төгу жүргізілді.

1–7 сәуір аралығында жол төсемдері арқылы барлығы 44 су тасқыны тіркелді (республикалық – 18, облыстық – 10, жергілікті – 16).

Самарқанд су қоймасынан су ағызу 400 текше метрге дейін, ал Ынтымақ су қоймасынан 200 текше метрге дейін ұлғайтылды.

Нұра өзенінде Шешенқара, Ботақара және Петровка елді мекендері ауданындағы деңгейдің 1 метрге төмендеуі байқалады.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1 сәуірден бастап ТЖД бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жол қызметтерінің, полицияның және коммуналдық қызметтердің мыңнан астам мамандары мен 266 техникасы жұмылдырылды.

Жалпы облыс аудандарында су деңгейінің төмендеуі байқалады. Қар жамылғысы толықтай дерлік еріп кетті. Осыған қарамастан, барлық арнайы қызметтер дайындық режимін тоқтатпай, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша