Головкин – Мурата: Қарағандыда жекпе-жек көрсетілімін бес үлкен экраннан көруге болады

Головкин – Мурата: Қарағандыда жекпе-жек көрсетілімін бес үлкен экраннан көруге болады

Сенбі, 9 сәуір күні Сайтамада (Жапония) Saitama Super Arena-да IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA суперчемпион белдігінің иегері жапондық Риота Мурата арасында орта салмақтағы біріктіруші жекпе-жек өтеді. Жекпе-жектің трансляциясын Қарағандының бес үлкен экранынан сағат 15:00-де көруге болады.

Тікелей көрсетілім Достық үйінде, Геннадий Головкин атындағы ДСК-да, Жаңа Майқұдық МҮ, Кеншілер мәдениет сарайы, City Mall-да ұйымдастырылады.

Қазақстанда спорттық шоуды Kazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 2020 жылдың желтоқсан айында АҚШ-та поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғағаннан бері рингке шықпаған еді. Риота Мурата 2019 жылдың желтоқсанында канадалық Стивен Батлерге қарсы күресте өз атағын сақтап қалды.