
Қарағанды қаласының әкімдігі қаланың барлық бастамашыл, шаһарымыздың тазалығына немқұрайлы қарамайтын тұрғындарын 9 сәуірде өтетін көктемгі сенбілікке қатысуға шақырады.
"Қыстан кейін қаланы бірге ретке келтірейік! Барлық меншік нысанындағы ұйымдардың, соның ішінде МИБ, ҚС, ПИК басшыларына жүгінеміз, қажет болған жағдайда сенбілікке қатысушыларды іргелес аумақтар мен аулаларда қоқыс жинауға арналған құралдармен, қолғаптармен, қаптармен қамтамасыз етуді сұраймыз", – деп қала әкімдігі Қарағанды тұрғындарына үндеу жолдады.
Сенбілікте жиналған тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын ҚТҚ жинауға арналған контейнерлік алаңдардың жанында қаптарға жинау ұсынылады.