Қарағандыда бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Қарағандыда бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы барлық ниет білдірушілерді бос жұмыс орындары және бос лауазымдар жәрмеңкесіне шақырады. Шара 15 сәуірде сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін "Молодежный" мәдениет үйінде өтеді.

Жұмыспен қамту орталығы хабарлағандай, "жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген адамдар, оның ішінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері қатарындағы жұмыссыздар, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттары (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, алимент бойынша берешегі бар азаматтар қатыса алады)".

Анықтама телефондары: (8-7212) 99-63-97, 99-63-93, +7-775-644-35-80 (WhatsApp).

instagram.com