Қарағанды облысындағы 7 сәуір 10:00-ге дейін су тасқыны бойынша жағдай

Қарағанды облысындағы 7 сәуір 10:00-ге дейін су тасқыны бойынша жағдай

Бір тәулік ішінде ТЖД жедел штабына аула аумақтарын су басу қаупі туралы 22 хабарлама келіп түсті (Қарағанды қаласы – 17 (жертөлелерді су басу – 3), Шахтинск – 2, Бұқар Жырау ауданы – 3).

Барлық жағдайларға қатысты суды бұру бойынша алдын алу шаралары қабылданды (қаптар төсеу, нөсер мен арықтарды тазарту, еріген суды сору және т. б.).

Барлығы 180 161 м. куб. еріген су сорылды, сондай-ақ ұзындығы 3680 метр арықтарды тазарту жүргізілді, 26 979 дана қаптар төселді, 1300 метр уақытша біліктерді төгу жүргізілді.

Су тасқынына қарсы күреске мыңғы жуық адам, 265 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде:

– ТЖД – 430 қызметкер, 105 бірлік техника, 91 мотопомпа;

- №52859 ӘБ – 152 әскери қызметші, 6 бірлік техника;

- ЖАО – 155 қызметкер, 74 бірлік техника;

- ЖПҚ – 13 қызметкер, 6 бірлік тех.;

- Коммуналдық қызметтер – 249 адам, 73 бірлік техника.

Нұра және Бұқар Жырау аудандарындағы автожолдардың екі учаскесінде еріген судың жайылу фактілері тіркелді. Барлық су басу жайттары қысқа мерзімді болды.

1–6 сәуір аралығында жол төсемдері арқылы барлығы 43 су тасқыны тіркелді (республикалық – 18, облыстық – 10, жергілікті – 16).

Онда 279 адам, 137 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде:

- ЖАО – 125 қызметкер, 46 бірлік техника;

- ТЖД – 24 қызметкер, 12 бірлік техника;

- ІІМ – 15 қызметкер, 8 бірлік техника;

- Жол қызметтері («Қарағандыжолдары» ЖШС) – 115 қызметкер, 71 бірлік техника.

Ірі су қоймаларынан су ағызу жалғасуда: Самарқанд су қоймасынан – 420 куб. м/с ағыны кезінде 40 куб. м/с; Ынтымақ су қоймасынан – 79 куб. м/с ағыны кезінде 8 куб. м/с. Шерубай-Нұра су қоймасынан су ағызу жүргізілмейді, ағыны 131,20 куб. м/с құрайды.

Космомониторинг деректері бойынша облыстың солтүстік аумағының 15%-ы қар астында. Облыстың оңтүстік аймақтарында қар жоқ.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша