Қарағанды кітапханасы Ұлы Отан соғысының батырлары туралы эссе байқауын жариялады

Қарағанды кітапханасы Ұлы Отан соғысының батырлары туралы эссе байқауын жариялады

Кеңес Одағының Батыры пулеметші Мәншүк Мәметова мен Халық Қаһарманы штурман-мерген Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы эссе байқауын өткізеді. "Қазақтың батыр қыздары" тақырыбындағы шығармада оқушылар Ұлы Отан соғысының батыл қатысушыларының бейнесін ашуы тиіс.

Конкурс Қарағандының жалпы білім беретін мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған. Жұмыстарды ЖОО және БАҚ өкілдері бағалайтын болады.

Өтінімдер 30 сәуірге дейін электрондық поштаға қабылданады: chitalnyyz_library@bk.ru.

Конкурс туралы толық ереже кітапхана сайтында келтірілген.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Үздік шығармалар облыстық газеттерде жарияланады, сондай-ақ олар кітапхана сайтында жинаққа кіреді.