Қарағандылықтарды ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне шақырады

Қарағандылықтарды ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне шақырады

Қарағандылықтарды 9 және 16 сәуірде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне шақырады. Жәрмеңкеде ет-сүт, жеміс-көкөніс өнімдері және жергілікті өндірушілердің тауарлары орташа нарықтық бағадан төмен құнмен ұсынылады.

Жәрмеңкелер GLOBAL CITY КТО аумағында Қарағанды қ., 134-ші есептік квартал (Тәттімбет және Момышұлы көшелерінің қиылысы) мекенжайы бойынша өтеді. Сауданың басталуы сағат 09:00-де.

GLOBAL CITY КТО-ға № 40, 56, 5, 146 автобустармен және № 02 және 29 маршруттық таксилермен жетуге болады.

Автокөлік иелеріне ыңғайлы болу үшін GLOBAL CITY КТО аумағында үлкен тегін тұрақ бар.