Қарағандының Оңтүстік-Шығысын неліктен су басқаны және не істеу керектігі туралы маманның пікірі

Қарағандының Оңтүстік-Шығысын неліктен су басқаны және не істеу керектігі туралы маманның пікірі

Биыл ауа райының қолайсыздығынан Қарағандыға үлкен су келді. Негізгі соққы Оңтүстік-Шығыс көшелеріне тиді. Қарағандылықтар қазір бұл жайтқа не себеп болғанын және үйлерді уақытында қорғап қалуға болатын ба еді деген сұрақты қызу талқылауда.

Сараптамалық пікірімен қаланың қарт тұрғыны, еңбек ардагері, коммуналдық салада тәжірибесі мол маман Калий Оразбеков бөлісті.

– Осындай жағдай бірінші рет болып тұр дейді. Алайда олай емес. Ол жерлерде даладан еріген қар суы әрдайым келіп тұратын. Дегенмен биылғы жылы ауа райы қатты әсер етті. Қалың қар жауған соң бірден ери бастады. Соның салдарынан су ағыны күр ұлғайып кетті, – деді ол. – Бұл жайттың алдын алу мүмкін емес еді деп ойлаймын. Бұрындары суды ағызып жіберетін, тұрғын үй секторы қорғау үшін балласт төгілетін. Ал бүгінде ол шаралар жеткіліксіз болып отыр. Суағарлар күрт ұлғайып кеткен судың үлкен көлемін өткзіп үлгермей жатыр. Сондықтан барлық күш-жігерді оқиға салдарымен күресуге жіберуге тура келді.

Аулалардағы қалың қар басты себеп болған жоқ, дейді ол. Еріген су жоғарыдан келді, негізінен Үштөбе ауылының маңындағы қалың қардың еріген суы басып жатыр.

Маманның пікірінше, бұл қайталанбауы үшін, суағар құрылыстарының иелері тарапынан нөсер кәрізінің жағдайын үнемі қадағалап отырумен қатар, Оңтүстік-Шығыста жаңа коллектор салу мүмкіндігін қарастырғаны жөн.