
Nura Агnаѕу еріктілер тобының волонтерлері жастар ресурстық орталығымен бірлесіп қасиетті Рамазан айында жергілікті қарттар үйінің қонақтары үшін дастархан жайды. Қайырымдылық түскі астың демеушісі Birlik қоры болды.

– Біздің Нұра ауданында 42 адам тұратын қарттар үйі бар, оның 19-ы төсек тартып жатқан қария. Қасиетті Рамазан айында игі істер жасау әдетке айналған, біз аудан және облыс тұрғындарын игі істер жасауға шақырғымыз келеді, – дейді Нұра ауданының ЖРО директоры және еріктілер тобының жетекшісі Талғат Шолтаев.

Nura Агпаѕу тобында 57 ерікті бар. Қайырымдылық акциясына жастар ресурстық орталығының басшысымен және екі маманмен бірге бес волонтер қатысты. Олар қайырымдылық түскі ас ұйымдастырып қана қоймай, қарттар үйінің қонақтарымен әңгімелесті.

– Жасы ұлғайған сайын адамдар бала сияқты болады. Олар үшін ең бастысы – назар. Біз оларға осы көңіл мен жағымды эмоцияларды сыйлағымыз келді, – деп есептейді Талғат Шолтаев. – Біз бұған қол жеткіздік деп үміттенеміз. Ата-әжелер күлімдеп, көңіл-күйлері сәл көтерілді. Бұдан артық не болуы мүмкін?
