Жұмыссыз қарағандылықтар тегін курстардан өте алады

Жұмыссыз қарағандылықтар тегін курстардан өте алады

Қарағанды Жастар ресурстық орталығы бүгінгі таңда жұмыс іздеп жүргендерді мобилография, SММ, дизайн және бағдарламалау бағыттары бойынша тегін курстарға шақырады.

– Курстарға барлық ниет білдірген жұмыссыздар шақырылады. 5 сәуірден бастап өтінімдер қабылдау басталды. 50 адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. Оқыту офлайн режимінде өтеді. Қазір біз оның қайда өтінін белгілеп жатырмыз. Барлық сұрақтар бойынша және жазылу үшін +7-778-520-59-05 нөміріне хабарласуға болады, – деді Қарағанды қаласының ЖРО басшысы Якуб Джамалов.