Саран мектебінде тағы бір коворкинг-орталық ашылды

Саран мектебінде тағы бір коворкинг-орталық ашылды

Саран қаласында № 2 жалпы білім беретін мектеп базасында заманауи коворкинг-орталық жұмыс істей бастады, онда оқушылар бос уақыттарын өткізіп, қызықты жобалар жасай алады. Жаңа орталықтағы жұмыс кеңістігі оқушылардың шығармашылық әлеуетін ескере отырып ұйымдастырылған.

Балалардың қалауы бойынша бөлмеде олар заттарды жылжытып ғылыми, танымдық немесе жобалық іс-әрекетпен айналыса алады. Сондай-ақ, түрлі кездесулер мен іс-шаралар өткізуге болады. Зал Wi-Fi-мен жабдықталған.

«Екінші коворкинг-орталықтың ашылуы Ел Президенті жариялаған балалар жылы аясында өтті. Коворкинг – бұл үйде немесе партада оқығаннан және жұмыс істеуден гөрі жағымды және тиімді орын, бұл шығармашылықты ынталандыратын атмосфера. Мұнда өз армандары мен жобаларын іске асыру үшін еркіндік беріледі, — деп атап өтті Саран қаласының білім беру бөлімінде. — Қазіргі заманғы мектеп — бұл оқушының да, мұғалімнің де жеке жетістіктерінің дамуына ықпал ететін ерекше білім беру кеңістігі».

Жақын арада осындай орталықтар Саран қаласының барлық мектептерінде ашылады. Үшінші коворкинг-орталық № 6 жалпы білім беретін мектепте жабдықталады.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Саран қаласында Абай атындағы ЖББМ базасында оқушыларға арналған алғашқы коворкинг-орталық ашылды.