
Өңірдің халыққа қызмет көрсету орталықтарында «жеңілдікті терезелер» жұмыс істейді, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар, зейнеткерлер және ҰОС ардагерлері мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады. Сонымен қатар, I немесе II топтағы мүгедектер мемлекеттік корпорацияның мамандарын үйіне шақыра алады.
«Осындай «жеңілдікті терезелер» барлық ХҚКО-ларда бар. Олар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін келушілер аталған санаттардың қайсыбіріне жататындығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар және ҰОС ардагерлері ХҚКО қызметкерін 1414 байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін үйіне шақыра алады, тапсырыспен үйге келу 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.