Қарағандылық спортшы алты медаль жеңіп алып, жүзуден әлем чемпионатына жолдама алды

Қарағандылық спортшы алты медаль жеңіп алып, жүзуден әлем чемпионатына жолдама алды

Саран қаласының спортшысы Ксения Игнатова жүзуден Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті. Жалпы Қарағанды облысының командасы үш алтын, жеті күміс және қола жүлдені иеленді.

Республикалық біріншілік Ақтөбеде өтті. Оған қатысу үшін еліміздің барлық өңірлерінен 415 мықты спортшы жиналды.

Ә. Молдағұлова атындағы олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Ксения Игнатова барлық санаттар бойынша алты медаль жеңіп алды. Бірінші орын – арқамен 100 және 200 м жүзу, екінші орын – арқамен 50 м жүзу, үшінші орын – үш эстафета. Нәтижесінде қарағандылық спортшы 18 маусым мен 3 шілде аралығында Будапештте (Венгрия) өтетін су спорты түрлерінен 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.

Тағы бір бірінші орынды жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Даниэль Гальва (арқамен жүзу 200 м) алды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша