Балқашта Алматыға әуе рейсі қайта жанданды

Балқашта Алматыға әуе рейсі қайта жанданды

Наурыз айының соңында Балқаштан Алматыға жеңілдетілген бағамен ұшу қайта басталды. Ұшу әр жұма және жексенбі күндері жүзеге асырылады.

Балқаш әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, туристік маусым басталар алдында Нұр-Сұлтан қаласына субсидияланған әуе рейстері қолжетімді болады. Ұшақтар күн сайын 1 мамырдан бастап ұша бастайды.

Алматыға билет құны – 14 000 теңге, елордаға – 9000 теңге. Бұл бағаға салмағы 5 кг қол жүгі және 20 кг дейін тапсырылатын багаж кіреді, 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі.

Балқаш әуежайында 2021 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін "Южное небо" және QAZAQ AIR авиакомпаниялары субсидияланған тұрақты рейстерді орындады. Өткен жылы осы тасымалдарды 18 675 жолаушы пайдаланды.

Мәлімет үшін, "Южное небо" авиакомпаниясы 2016 жылдан бастап, ал QAZAQ AIR – 2021 жылдан бастап рейстерді орындайды. Жазғы кезеңдегі жалпы жұмыс жүктемесі 95% құрайды.