
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Сәбит Оспанов тағайындалды. Кадрлық өзгерістер туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек аппараттық кеңесте хабарлады.
Сәбит Оспанов мемлекеттік қызметте 2000 жылдың сәуір айынан бері еңбек етіп келеді. Бұқар Жырау ауданында түрлі қызметтер атқарған: Ульяновск кенттік округі әкімінің орынбасары, кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, Ботақара кентінің әкімі.
Абай қаласының әкімі болды. Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2016 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.